Көру мүмкінсіздігі адамды заттар әлемінен бөліп тұрады. Есту мүмкінсіздігі адамды адамдар әлемінен бөліп тұрады.

Сименс тарихы.
Әлемге әйгілі электротехникалық Сименс концерні 1847 жылы Берлинде инженер және суретші Вернер фон Сименспен негізі қаланған және алғашында шағын телеграфтық-құрылыстық шеберхана ретінде құрылған болатын. Германия қалаларының арасында телеграфтық желілерді салумен айналысқан жас кәсіпкердің табысы көп болғандығы соншалық 1853 жылы оның Санкт-Петербургта филиалы ашылды, оны Карл фон Сименс кіші ағасы басқарды.
Сименстің алғашқы есту қабілетін түзету құрылғылары саласындағы зерттеме жұмыстары 1878 жылға жатады, фирманың негізін қалаушы Вернер фон Сименстің өзі жыл бойы есту қабілеті нашарлығымен қиналған алғашқы рет телефон тұтқасындағы дыбысты берілудің қатты дауысын орнатылған магниттің көмегімен күшейтіп көрген. Фирманың жай еститін серіктестері бұл құрылғыны хабарласу үшін ынтамен пайдаланды, себебі ол шынымен де жақсы естуге мүмкіндік берген. Солайша Сименс фирмасының алғашқы есту аппараты –телефон негізінде құрылған фонофор пайда болды. Сол өнертабысы Сименс фирмасында есту аппараттарын өңдеу мен естуді протездеу саласындағы зерттеулерді дамытуыдың негізін салды.
Сименс фирмасының ұқсас бөлімшесі 1910 жылы ұйымдастырылған есту аппараттарын өндіру және өңдеуге мамандандырылған. Өткен уақытта Сименс алғашқы –кең таралған дәу көмірлік есту аппараттарынан, жоғары шағын сандық үшінші ұрпақтық аппараттарына дейін ұзақ жол өткен, және ол үнемі озық технологиялық инновацияда болған. Бүгін біздің әлемдік нарықтағы есту аппараттарының көшбасшылығымыз даусыз –себебі есту аппараттарын сатушы әрбір төртіншісі Сименс фирмасымен дайындалған.
Ғылыми және техникалық үрдіс бір орында тұрмайды: жыл сайын Сименс естуді протездеудің жаңа технологиясын өңдеу және аудиология саласында негізгі зерттемелерді ондаған миллион евромен қаржы жұмсайды.
1993 жылы Сименс фирмасының есту аппараттарының бөлімшесі Ресейде жұмыс істей бастады. Сименс Қазақстанға 1998 жылы келді.
Есту аппараттары
Бүгінгі таңда миллиондаған адамдар бүкіл әлем бойынша тугоухость ауруымен ауырады және олар үшін есту аппараттары қоршаған ортамен қалыпты қатынасуды қалпына келтірудің жалғыз мүмкідігі болып табылады. Жақында ғана есту аппараттары көрінетін және одан адамдар ұялатын. Бүгін ол тек көзге түсіп қана қоймай, ол мүлдем көрінбейтін болды, және де жаңа технологиялардың пайда болуымен оның қызметтері маңызды кеңейді. Есту аппараттары арнайыландырылған шағын компьютерге айналды, тек дыбысты күшейтіп қана қоймай және оны неғүрлым таза қылады. Осы кезде сөз анығырақ естіледі, ал тұтынушының сезімі – негұрлым ыңғайырақ болады. Тіптен базалық деңгейдегі есту аппараттары бұрын -соңды қолжетімсіз естуді түзетудің сапасын қамтамасыз етеді.
Компаниясы «Есту орталығы» 2010 жылы құрылған. «Есту орталығы» тугоухость ауруымен ауыратын науқастарға көмек көрсетеді. Біз әлемдік өндірушісі –Simens есту аппараттарын ұсынамыз және естуді протездеу бойынша іс-шаралардың толық жиынтығын қамтамасыз етеміз.
Бізде есту қабілетінің бұзылуының медициналық диагностикасын, компьютерлік таңдау және есту аппараттарының жекеленген жөнге келтіруін, құлақ салмасының, ішкі каналды және құлақ ішіне салынатын есту аппараттарынның корпустарын жеке дайындауын жүргіземіз, ал сервистік орталық профилактика жасайды, және қажетінше сіздің есту аппаратыңызды жөндеп береді. Және де бізде меншік зертханамыз бар , соның есебінде клиентке қызмет көрсету ең аз уақыт жұмсалады. Біздің орталықта есту аппараттарына арналған жоғарғы сапалы батарея үнемі сатылым үстінде.
«Есту орталығы»- бұл әрқайсысына жеке – дара көмек
Біздің орталықта жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, олар үнемі әрбір клиентке жеке келеді. Олардың билігінде қазіргі заманғы ең күшті клиникалардың деңгейіндегі аудиологиялық құрылғылар бар. Бұл есту аппараттары мұқият диагностикадан соң ғана таңдалуына кепіл береді. Және де аудиологиялық зерттемердің қорытындысы ғана емес, және де сіздің әдетіңіз бен ерекшелігіңізді де ескереді. Ал нақты реттеу сізге қазіргі есту аппратарында барлық артықшылықтарын максималды пайдалануға мүмкіндік береді.
Біздің компания көмек сұрағандардың әрбіреуіне ыңғайлы шарттар жасауға ұмтылады. Сондықтан есту аппаратын алу және сурдологтың қызметімен үйден шықпай –ақ айдалануға болады. Егер сіз Астана қаласында тұрсаңыз, біздің маман сізге бара алады. Сондай-ақ біздің клиенттеріміздің кейбір категориялары арнайы бағамен есту аппараттарын сатып ала алады. Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне, мүгедектерге және тұрақты клиенттерге жеңілдік қарастырылған.
