АУДИОМЕТРИЯ, ТИМПАНОМЕТРИЯ, ЕСТУ АППАРАТТАРЫН ІРІКТЕУ, БАПТАУ, ЖӨНДЕУ.

ҚҰЛАҚ ІШІНЕ АРНАЛҒАН ҚОСЫМША ҚҰРАЛДАРДЫ ӘЗІРЛЕУ.

Телефон нөмiрлерi:

Есту аппараттары

 

Құлақтың артына салынатын есту аппараттары (Behind-The-Ear - BTE)

Құлақтың артына салынатын есту аппараттары - бұл классикалық аппарат, кез-келген есту қабілетін жоғалтқандарға. Қазіргі заманғы есту аппаратына тән шағындығы және ерекше пішінді. Алайда неғұрлым қуаттырақ болса, соғұрлым көлемі үлкен болатындығын ұмытпаған жөн.
Құлақтың артына салынатын аппараттар жұмысты талғамайды. Олар жақсы аккустиканы және құлақ ішінде басқа заттың болуына ыңғайсыздық сезімін азайтады.

 

Канал ішінде ресиверлі есту аппаратттары (Receiver-in-canal - RIC)

Соңғы уақытта «ашық есту протездері» үшін есту аппараттар классы пайда болды.
Олар арнайы аздап саңырау адамдарға, шулы жерлерде сөзді нақты түсінбейтіндерге арналған. Олардың дизайны өте шағын мүлдем көрінбейді.

 

 

ҚҰЛАҚТЫҢ ІШІНЕ САЛАТЫН ЕСТУ АППАРАТТАРЫ

Құлақтың ішіне салатын есту аппараттары науқастың сыртқы есту жолының көшірме бейнесі бойынша жеке дайындалады. Құлақтың ішіне салынатын есту аппараттары қолданудың шектеулігінің негізі олардың азғана қуаттылығы, және де олардың көмегімен құлағында ескі ісік процессі бар науқастарды протездеуге болмайды. Бұл аппараттарды жинақы және ұқыпты ұстап, үнемі профилактикалық бағу керек. Сондай–ақ есту каналы неғұрлым кіші болса, есту аппараттарын білдірмей құлаққа орналастыру соғұрлым қиын болады.

Орналасу жері бойынша олар келесіге бөлінеді:

Құлақтың ішіне салатын есту аппараттары (In-The-Ear - ITE) - көлемі бойынша өте маңызды және құлақтың ішіне салынатындардың күштісі. Бұл аппарат дауыс реттегішімен ғана емес, индукция катушкасымен де жабдықталгған, ол науқасқа кез-келген дыбыс күшейткіш құрылғыларын пайдалануға көмектеседі. Корпусында нақты реттеуге және ауаның аэрациясы үшін вентильді тесік жасауға болады.

 

 

Каналда толық жабылған есту аппараттары (Completely-In-The-Canal - CIC) - ең кішкентай, құлақтан тек арнайы жіп арқылы тартып алуға болады, яғни, мүлдем көрінбейді. Оларда дыбысты реттегіш жоқ. Бұл есту аппараты кез –келген есту қабілетін жоғалтқан кезеңде тіпті ең ерте кездеңде де максималды тиімді болып табылады.